Қарағандылық прокурорлар білім ошақтарындағы біраз былықтың бетін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық прокурорлар білім ошақтарындағы біраз былықтың бетін ашты

07.12.2018

Қарағандылық прокурорлар білім ошақтарына тексеріс жүргізіп, біраз былықтың бетін ашты. Мәселен, жергілікті колледждің бірінде психиатриялық диспансерде есепте тұрған оқытушы сабақ беріп келген. Енді бір мұғалім жасөспірімге зәбір көрсеткені үшін бұған дейін сотты болған. Қазір бұл адамдар жұмыстан шеттетіліп, тергеу басталды.

Бұған қоса, кей білім ошақтарында студенттер заңсыз стипендиядан қағылған және өндірістік тәжірибеден өтудің талаптары сақталмаған. Сондай-ақ, қадағалаушы орган өкілдері соңғы 3 жылда мамандарды даярлауға бөлінген бюджет ақшасының бей-берекет жұмсалғанын анықтады.   

Нұрсұлтан Қадырбай, Қарағанды облыстық прокуратурасының ресми өкілі:

- Тексеріс нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс аясында оқытылған адамдардың санын артық көрсету, оқыту барысында қарастырылмаған шығындарды төлеу, сонымен қатар, білім алу, студенттерді қабылдау және оқыту тәртібін сақтамау түріндегі бұзушылықтар анықталды. Тексерудің нәтижесінде мемлекет кірісіне 89 миллион теңгеден астам сома өндіріліп, кінәлі 74 тұлға жауапкершілікке, оның ішінде біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу