Елімізде 171 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 171 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр

07.04.2021

Қазір елімізде 171 елді мекенге су басу қаупі төніп тұр. Ол жерлерде 43 мыңнан астам адам тұрады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты. Олар: «биыл су тасқыны айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен, көп өңірлерде қар әлі толық еріп болған жоқ. Демек, арқаны кеңге салуға болмайды», - дейді.

Қазір ірі су қоймалары 70-75 пайызға толған. Егер қар күрт ерісе, көп су босатуға мәжбүр болады. Осыған байланысты жергілікті қызметтер елді-мекенге жақын орналасқан су арналарын мұқият тазалап отырулары тиіс. 

Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 2015-2017 жылдардағыдай ауқымды су тасқыны қаупі жоқ. Бірақ температуралық фонның күрт артуы және қатты жауын-шашын болған кезде қарағанды, Ақмола, СҚО, Қостанай, Алматы, Түркістан, Жамбыл және ШҚО ішінара су басу көріністері болуы мүмкін.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу