Мемлекет басшысы Елорданың әкімі Алтай Көлгіновті қабылдап, вакцина салуды уақытылы ұйымдастыруды тапсырды. Сонда халықтың қалыпты өмірге қайта оралуына мүмкіндік көбейіп, бизнес жандана түсетінін айтты. Сондай-ақ, үш ауысымдық мектептер мен кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мәселесін тезірек шешуді жүктеді. Қаланы газдандыру және жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді жүзеге асыруды міндеттеді.
Амангелді Сейітхан