Қостанайда бүгін «текстильшик» саяжайын су басып жатыр. Мұнда мыңнан аса бау бақша салуға арналған жер телімі бар. Әрі 200-ге тарта отбасы тұрып жатыр. Енді олар баспанамызға су кіре ме деп алаңдайды. Ал кеше ағын судың қоршауында қалған «Юбилейный» шағынауданында бүгін жолдар құрғап, қозғалыс қалыпқа келді. Мамандардың айтуынша өңірде қардың әлі 70 проценті ерімеген.