Шағын және орта бизнесті салықтан пандемия аяқталғанша дейін босату керек. Бүгін Мәжіліс депутаты осындай ұсыныс айтып, вице-премьерге сауал жолдады. Өйкені уақытша шаралар коронавирустың кесірінен зардап шеккен кәсіпкерлердің аяққа тұрып кетуі үшін жеткіліксіз. Сол үшін бизнесті салықтық каникулға жіберу керек дейді. Азат Перуашевтің айтуынша қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлердің айналым қаражаты 5-6 есе азайып кеткен. Шығынға батып тоқыраудың алдында тұрған оларды салықтан босатып қана қоймай, несие төлемдерін де кейінге шегеру қажет дейді.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Несиені шегеру кезінде ай сайынғы төлемді арттырмай, мерзімді ұзарту керек. Бұған дейін банктер мерзімді ұзартпай, шегерілген айдың ақшасын ай сайынғы төлемнің үстіне қосып тастаған болатын. Бұл керісінше ауырпалық салады. Кәсіпорындар онсыз да тығырыққа тіреліп отыр.
Досжан Маратұлы