ШҚО-да мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

09.04.2021

Шығыс Қазақстандағы Әдеп жөніндегі кеңес облыстық Мәдениет басқармасының басшысын қызметінен кетіруді ұсынды. Ол осыдан 10 күн бұрын мас күйінде облыстық әкімдік қызметкерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бұзған. Таңға жуық тұрғын үй алдында жанжал шыққанын көрген көршілер полиция шақырып, мемлекеттік қызметкерлер үстінен әкімшілік хаттама толтырылған. Мәдениет басқармасының басшысы өз кінәсін толық мойындады. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Қызметтік этика мен мемлекеттік заң талаптарын бұзған басқарма басшысының әрекеті әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, оны қызметтен босату ұсынылды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу