Батыс Қазақстанның Бөкей ордасы ауданында бензинге ұзын-сонар кезек пайда болды. Жанармай тапшылығынан осындай жағдай туындап отыр.
Оралдан 500 шақырым қашықтағы ауданда бензин тапшы әрі қымбат. 70-ке жуық көлік кезекке тұрып қалды. Қалада қазір АИ-92-нің құны 170 теңге болса, аудан орталығында 190-200 теңгеге дейін барды. Ауылда жалғыз ғана бекет бар. Жол шалғай, тасымал қиын болғандықтан, баға түспей тұр.
Жалғас Ташуов, Бөкей ордасы аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:Көктемгі қар еруіне және 2-3 күн қатарынан жауын-шашынның болуына байланысты бізде бензин тапшылығы пайда болды. Екі күн болмағандықтан, кішкене кезек пайда болды. Қазір жағдай тұрақталды. 20 тоннадай жанармай келді, бензин АИ-92. Бағасы 190 теңгеден сатылымда қазір.
Ардақ Мұратқызы