БҚО-да азық-түлік қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да азық-түлік қымбаттады

09.04.2021

Батыс Қазақстанда 10 түрлі азық-түліктің бағасы өсті. Атап айтқанда, картоп 15%, жұмыртқа мен күнбағыс майы 13% процент, ал қант 5,2 пияз 3,3 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ, сәбіз, тауық еті, қырыққабат, қарақұмық жармасы мен сары майдың да құны шарықтаған. Негізгі себеп - маусымдық тапшылық пен сырттан келетін шикізат бағасының өсуі. Қазір шекті баға енгізіліп, келісімдер жасалып, тексеру жүргізіліп жатыр. Мысалы, күнбағыс майының литріне 624 теңге көлемінде шекті баға белгіленді.

Денис Омашев,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Тұрақтандыру қорына облыстық бюджеттен жалпы сомасы 550 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда соның 308,8 азық-түлік өнімдерінің қоры қалыптасқан. 19 азық-түлік түрінің 9 түрі бойынша материалдық резерв бар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу