Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

12.04.2021

Ораза айы кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Осылай деген Алматының бас имамы жасы 60-тан асқан адамдарға ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің кеңесін алуға шақырды. Діни дәрістер, Құран хатым түсіру рәсімдері де қашықтан оқылады. Қасиетті Қадір түні мен Ораза айттың онлайн бағдарламасы ұсынылады. Осы айда қайырымды амалдар жасауға ұмтылғандар үшін де барлық жағдай қарастырылып отыр. Ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізуге болады. Сондай-ақ, ораза айына қатысты тұрғындарды толғандырған мәселер бойынша арнайы Call-орталық жұмыс істейді. Кез келген сұрақтар бойынша хабарласып, жауап алуға болады. 

Нұрхан Нұрланұлы

ораза Рамазан айы мешіт

Хабарламаларға жазылу