Коронавирустың таралу көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда үш есе өсіп кетті. Қазір инфекциялық ауруханалар 41 пайызға толған. Мұндай деректерді Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Айдың басынан бастап 25 мыңға жуық адамнан вирус анықталған. Өсім барлық өңірде байқалып отыр. Шамамен күніне 2800 адам індет жұқтырып жатыр. Вирустан қаза тапқандар саны да 1,4 есе өсіп кеткен. Қайтқан адамдардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысының тұрғындары. Өсім қарқынын бәсеңдету үшін министрі екпе салуды жеделдетеміз деп отыр.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың вакцина дозаса жеткізілген. Ертең тағы 300 мың доза жеткізіледі. Осы сәуір айының ішінде өңірлерге тағы 1 млн 400 мың вакцина таратамыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша сәуірде 2 млн адамға екпе салуға мүмкін болады. Ал, қыркүйек айына дейін 10 млн адамға вакцина салуды жоспарлап отырмыз. Бұл екпе алуы тиіс адамдардың 100 пайызы.
Қазір екпе алуға электронды үкімет порталы арқылы жазылуға болады. Өзіңіз тіркелген емханаға өтініш қалдырсаңыз дәрігер уақытын белгілейді. Ол да электронды үкіметтегі жеке кабинетіңізде көрініп тұрады.
Оңғар Алпысбайұлы