Жапония 1 млн тоннадан астам улы суды теңізге төкпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония 1 млн тоннадан астам улы суды теңізге төкпек

13.04.2021

Жапония жер сілкінісінен қираған Фукусима атом электр станциясынан 1 миллион тоннадан астам улы суды теңізге төкпек. Бұл туралы жоспарды ел үкіметі бүгін жариялады. 

Бекетті басқаратын Токио Электр қуаты компаниясы ластанған суды изотоптан тазарту үшін ең алдымен сүзгіден өткізбек. Содан кейін судағы радиоактивті заттың мөлшерін қауіпсіз деңгейге дейін азайту қажет болады. Дегенмен Оңтүстік Корея Жапония басшылығының бұл шешімін құптамай, оған өкініш білдіріп отыр. Себебі Сеулдің ойынша, мұндай су қанша тазартылса да, аймақ эколгиясы мен балық шаруашылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу