Қазақ-өзбек шекарасындағы «Б.Қонысбаев» ірі өткізу пункті қайта жаңғыртылды. Онда тәулігіне 20 мың адамға дейін өткізуге мүмкіндік беретін жаңа жолаушылар терминалы салынды. Паспорттық бақылау кабиналарының саны 6-дан 16-ға дейін көбейіп, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарды. Айта кетейік, былтыр кедендік салық бойынша Өзбекстанмен сауда айналымы кезінде 149 млрд теңге түсті.
Ақерке Бектас