Иран уранды 60 пайызға дейін байытуға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран уранды 60 пайызға дейін байытуға кірісті

14.04.2021

Иран уранды 60 пайызға дейін байытуға кірісті. Мұны елдің ядролық мәселелер жөніндегі келіссөз жүргізушісі Аббас Аракчи мәлімдеді. 

Айта кетсек, бұл шикізатты атом қаруын жасауға жарамды ету үшін оны 90 пайызға дейін өңдеу қажет. Осыған дейін Тегеран уранды 20 пайызға дейін байытты. Соның өзі жаппай қырып жоятын арсеналға қол жеткізу жолындағы үлкен қадам саналды. Бірақ, Иран өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатты көздейтінін алға тартып келеді. Ал, жексенбі күні Натанз атомдық нысанында жойқын жарылыс болғанда, ядролық материал өңдейтін мыңдаған центрифуга жойылған немесе зақымданған. Айта кетсек, сол шабуыл үшін Ислам Республикасы Израильді айыптап, одан кек алатынын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу