Елордада вакцина салатын көшпелі бригадалар жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада вакцина салатын көшпелі бригадалар жұмысын бастады

15.04.2021

Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны жарты миллионнан асты. Мұндай ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі таратып отыр. Ел бойынша 1 компонентпен 505 мың адам, екінші компонентпен 108 мыңға жуық адам екпе алған. Вакцинаны алматылықтар өте көп салдырған. Мұнда 1 компонентпен екпе алғандардың саны 107 мыңнан асады. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. 43 500 адам. Тізімде үшінші болып 59 мың адаммен Алматы облысы тұр. Вакцинациялау қарқыны Қызылордада төмен. 14 мыңға енді жуықтаған. Атырауда 11 мың болса, ең аз көрсеткіш Маңғыстауда. 9500 адам егілген. Ал, Елордада вакцина салатын көшпелі бригадалар жұмысын бастады. Олар түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың шақыртуы бойынша жұмыс істейді. Ол жерлерде санитарлық талаптарды сақтай отырып егу пункттері жасақталады. Бұл қызметкерлерді жұмысына кедергі жасамай ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін маңызды дейді тапсырыс берушілер.

Салтанат Баймағамбетова, «Астана-АЭК» АҚ кәсіподақ төрағасы: 
Біздің әкімшілікте 1060 адам жұмыс істейді. Оның ішінде бүгін 10 проценті жекелендіріп, бөліп сағат үшке дейінгі вакцинациялау шаралары басталды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу