Вашингтон Мәскеуге жаңа санкция жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Мәскеуге жаңа санкция жариялады

15.04.2021

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады. Мұндай шешім Кремль Құрама Штаттардағы сайлауға араласты және кибершабуыл жасады деген себеппен қабылданып отыр.

 «Блумберг» агенттігінің дерегінше, Ақ үйдің санкциясына Ресейдің 30-ға жуық жеке және заңды тұлғасы ілігіп, 10 ресейлік АҚШ аумағынан шығарылады. Сонымен қатар, Америка қаржы компанияларының құны рубльмен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуына тыйым салынады.

Өзіне тағылған кінәларды жоққа шығара отырып, Ресей АҚШ-тың кезекті шектеу шараларын заңсыз деп атады. Сонымен қатар, Мәскеу оларды жауапсыз қалдырмайтынын және бұндай әрекеттің Байден-Путин саммитін өткізу мүмкіндігін азайтатынын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу