Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа төрағасы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа төрағасы тағайындалды

16.04.2021

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. Агенттіктің жаңа басшысы болып Марат Ахметжанов тағайындалды.

Марат Мұратұлы еңбек жолын Теміртау қаласының прокуратурасынан бастаған. Құзырлы мекемелерде 30 жылдық тәжірибесі бар. 2012-2014 жылдары қаржы полициясы төрағасының орынбасары болған. 2016 жылдан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу