Қазақ халқы тағы бір дара тұлғасынан айырылды. Бүгін 64 жасқа қараған шағында көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті.
Жазушы 1957 жылы Қарақалпақстанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жалынды өлеңдері 1973 жылдан бастап жарияланған. Орта ғасырлық тарихи танымдық жәдігер «Темір жарғылары» еңбегі тұңғыш рет Есенғали Раушанов тәржімасымен қазақ тілінде сөйледі. Өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.
«Қанатты ақынымыздан айрылдық»,- деген әдебиет өкілдері жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Есенғалидай тұлға соңында мол мұрасы қалып отыр. Қаншама өлмейтін шығармалары бар ғасырда бір туатын ақын. Ұлтымыздың ұлы ақыны дейтіндей ғажайып ақынымыздан айрылып қалдық. Ел басына түскен қайғы дер едім.
Жазира Оразқызы