АҚШ-тың Индианаполис қаласында ер адам оқ атып, 8 адамды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Индианаполис қаласында ер адам оқ атып, 8 адамды мерт қылды

16.04.2021

АҚШ-тың Индианаполис қаласында атыс болып, сегіз адам қаза тапты. Тағы бесеуі жараланған. Оқиға FedEx компаниясының ғимаратында болды. Белгісіз ер адам кеңсеге кіріп, қарудан оқ атып, кейін өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Соңғы апталарда Америкада жеке қарумен адам өлтіру оқиғалары көбейді. Осыған қатысты ел перзиденті Джо Байден қару-жарақ сату талаптарын күшейту қажет деп отыр. Ол қару бөлшектерін еркін саудалауға тыйым салып, сатып алушыларды жіті тексеру туралы Конгресске алғашқы ұсыныстарын жолдады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу