Ақтөбеде жабайы сауда орындары көбейіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жабайы сауда орындары көбейіп кеткен

16.04.2021

«Жабайы сауда орындары жойылсын!». Ақтөбеде базар сатушылары өздеріне бәсекелестік тудырып отырғандарға қарсы шықты. Айтуларынша, соңғы кезде рұқсатсыз келіп жеміс-жидек сататындар тіпті көбейіп кеткен. Салдарынан ай сайын жалға алу орнына қыруар қаржы төлеп отырған кәсіпкерлердің саудасы жүрмей қалған.

Жақсыбек Кемал, тілші: 
Базар сыртында мынадай ондаған сауда нүктелері пайда болған. Бұл жердегі санитарлықталаптар туралды айтудың өзі артық. Оның үстіне әрі-бері өткен адамдарға үлкенкедергі келтіріп тұр.

Базар сыртында қанша сауда нүктесі барын ешкім білмейді. Себебі, бірі кетсе оның орнына екеуі келіп, абыр-сабыр болып жатыр.Ал, базар ішінде заңды түрде сауда жасап отырған кәсіпкерлер « өнімдеріміз өтпей қалды» дейді. Олар жабайы сауда орындарының жұмыс істеуіне мүдделі тұлғалардың аз еместігіне сенімді.

Айнұр Есенбекова, сатушы:
Мінекей,шаң-шаң мына жер. Алманың қалай шаң екенін көріп тұрсыздар. Сатушыларда  маска жоқ. 

Дегенмен, қарсы тараптың да айтары бар. Олар «біз жеміс-жидекті әлдеқайда арзанға сатамыз, базар ішіндегілердің қарсылығының да себебі сол» дейді.

Жергілікті билік жағдаймен жақсы таныс. Сыртта саудаж асайтындармен жылдар бойы күресіп келе жатқандарын айтады. Дегенмен, қазір шаһар басшылығы жағдайды реттеуге қам жасап жатыр.

Ләззат Сматилова, қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Жергілікті полиция қызметі сырттағы сауда орындарын жойып отырады. Рейдтер жүреді. Бірақ ол жердегі аналарды да түсінуге болады. Қазір қала әкімдігі арнайы тегінберілетін орын қарастырып жатыр. Барлығы сол жерге көшірілетін болады.

Алайда әкімдік өкілі заңды сауда орнының қашан және қай жерден берілетінін ашып айтпады. Дегенмен, оған дейін базар сыртындағы сауда нүктелерін жоямыз деп сендірді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу