Олардың барлығы Орталық Азия елдерінің азаматтары. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті күдіктілерді арнайы операция барысында қолға түсірген. Тергеу мәліметтері бойынша олар «ДАИШ» содырларының тапсырмасын орындап, Алматының адам көп жиналатын жерлеріне шабуыл ұйымдастырмақ болған. Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан жерлерін тінту барысында аса қуатты жарылғыш зат жасауға арналған құрылғылар мен қару-жарақ табылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.