Қанды оқиға кеше кешке болған. Қаланың сыртындағы дүкеннің жанында бірнеше жігіт жаға жыртысып, соңы кісі өлімімен аяқталды. Жараланған азматтарды аурухана әкелген сәт әлеуметтік желіге тарап кетті. Өкінішке қарай, дәрігерлер 26 және 29 жастағы екі жігітті аман алып қала алмады. Оқ бірінің жүрегіне, екіншісінің өкпесіне тиген. Тергеу басталды.
Айгерім Ибатуллаева, облыстық Полиция департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының м.а.:
- Аталған қылмыс қазір Ақтау қалалық Ішкі істер бөліміне тіркеліп, ҚР ҚК-ның 99-бабы, яғни, қасақана кісі өлтіру бойынша іс қозғалды. Үш күдіктінің екеуі ұсталып, біреуі іздестірілуде. Оны ұстауға қазір барлық күш жұмылдырылды. Ал, ұсталғандармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.