Қазақстанда соңғы бір аптада эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда соңғы бір аптада эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой

20.04.2021
Қазақстанда соңғы бір аптада эпидемиологиялық жағдай жақсарды - Цой

Елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесімен 292 250, теріс нәтижесімен 51 890 науқас тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, республика соңғы 22 күн бойы «қызыл» аймақта тұр. Сонымен қатар 8 өңір «қызыл» аймақта. Түркістан мен Қостанай облыстары «жасыл» аймақта, ал қалған өңірлер «сары» аймақта», - деді министр.

Айтуынша, наурызда эпидемиологиялық ахуал нашарлап, науқастану көрсеткіші 46 пайызға дейін артқан еді. Алайда соңғы бір аптада індет жұқтырудың өсу қарқыны 46% -дан 6% -ға дейін төмендеу тенденциясы байқалды. Өткен аптада өлім-жітім көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 22% -дан 8% -ға дейін төмендеді. 

Жалпы, Қазақстан КВИ жұқтыру деректері бойынша әлемде 110-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр.


коронавирус статистика

Хабарламаларға жазылу