Карантинге қарамай той жасайтындардың әрекеті қылмыспен тең – Облыс әкімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантинге қарамай той жасайтындардың әрекеті қылмыспен тең – Облыс әкімі

20.04.2021

«Карантинге қарамастан той жасайтындардың әрекеті қылмыспен пара-пар». Көпшіліктің орынсыз әрекетін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов осылай деп сынға алды. Сондай-ақ, ол вирустың симптомсыз түрімен ауырған науқастарды өз алдына бөлек оқшаулауды ұсынды. Өйткені, үй карантиніндегілер санитарлық талапты сақтамай, індетті 7-8 адамға дейін таратқаны анықталды. Қазір өңірде 400-ге жуық тұрғын аурудың симптомсыз түрімен емделуде. Облыс басшысы жауапты орынбасарына халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Аймақта эпидахуал күннен-күнге күрделеніп барады. Өткен тәулікте 80 адамнан вирус анықталды. Провизорлық ауруханада 184 науқас емделіп жатыр. 8-інің жағдайы ауыр.

Аягөз Оралбайқызы





Хабарламаларға жазылу