Ақмола облысындағы «Бестөбе» кен байыту фабрикасының басшысы жұмысшысын өлтірді деп айыпталуда. Ол кәсіпорын лаборанты Динара Ақанбаевның өліміне қатысы бар деген күдікпен уақытша оқшаулау мекемесіне жабылды. Тергеу мәліметтері бойынша, көз жұмған әйелді зауыт директоры жұмыстан кейін үйіне апарып салмақ болған. Бірақ, куәгерлердің айтуынша, түрлі дене жарақаттарымен басқа қызметкердің үйіне әкеліп тастаған. Кейін Динара Степногорск қалалық ауруханасына жеткізілген. 5 күн реанимация бөлімінде жатқан ол есін жимастан қайтыс болған.
Әсем Әбдірахманова, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:
- Қазіргі уақытта әйелдің өліміне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті анықталды. Ол Степногорск қалалық сотының шешімімен 2 ай мерзімге ұсталды. Сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жалғасуда.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.