Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды

20.04.2021

Елімізде кеше бір күнде коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды. «Қызыл» аймақта тұрған өңірлер саны бүгін сегізге жетті. Бұл тізімге Ақмола облысы қосылды. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жағдай күрделі. Ал, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта. «Жасыл» аймақта Қостанай мен Түркістан облыстары тұр.

Кеше ел бойынша тағы 2530 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал, вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдыққан.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу