Бюджеттегі ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда өзгерді. Бұған дейін 420 теңгеге теңескен АҚШ ақшасы биылға 425 теңге болып белгіленді. Бұл туралы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қайта қаралған үкімет отырысында айтылды. Ал мұнай бағасын барреліне 35 доллардан біраз көтеріп, 50 доллар деп болжады. KASE-де бүгін доллар 430 теңге, еуро 518, рубль 5 теңге 66 тиынға теңесті.
Ақерке Бектас