Мемлекет басшысы Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

21.04.2021

Мемлекет басшысы Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Ол Президентке қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелерін баяндады. Сотқа дейінгі тергеу органдары прокурорлармен негізгі шешімдерін келісудің арқасында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайған.

Кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, прокурорлық қадағалауды бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлау жайы да айтылды. Жыл басынан бері 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды, 357 заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдардың 56 актісі жойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу