Елімізде инклюзивті білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде инклюзивті білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала бар

21.04.2021

Инклюзивті білім берудің сапасы артатын болды. Ерекше қажеттілігі бар оқушылардың құқығын арттыратын құжат бүгін Мәжілісте қаралды. Заң жобасына Парламент депутаттары мен «Nur Otan» партиясының мүшелері бастамашы болған. Қазір елімізде инклюзивті білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала бар. Жаңа құжатта балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдап отырудың шарттары нақтыланған. Кез келген білім беру ұйымы арнайы жағдайды қамтамасыз ету үшін өз еріктерімен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра алады. Яғни, қаржыландыру тәртібі өзгереді. Сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар баланың даму ерекшелігіне орай оқу бағдарламасын да өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Оқу жоспарының бағдарламаларының өзгермелілігін икемділігін қамтамасыз ету сондай-ақ білім алушының даму ерекшелігіне қарай жетістіктерін бағалай жүйесі енгізілген. Бұл инклюзивті білім берудің жетекші қағидаттарының бірі болып табылады.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу