Әлемде коронавирустың жаңа түрлері өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирустың жаңа түрлері өршіп барады

21.04.2021

Коронавирусқа қарсы Johnson&Johnson вакцинасынан қан ұюы мүмкін. Алайда оның пайдасы жағымсыз әсерлерден басым.  Бұл туралы Дәрі-дәрмек жөніндегі Еуропалық агенттік хабарлады. АҚШ-та препаратты қабылдаған 8 адамда тромбоз пайда болғанына қарамастан, оны пайдалану әрі қарай жалғасып жатыр. Келісімшартқа сәйкес, Еуропалық мемлекеттерге вакцинаның 55 миллион дозасы жеткізілуі тиіс.

Ал Израиль «ковидке» қарсы екпені 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге салуды жоспарлап отыр. Мұнда 16-дан асқан тұрғындардың 81 пайызы вакцинаның екі дозасын алып үлгерген. Алты айдан кейін науқанның екінші кезеңі басталады.

Үндістанда коронавирустың тағы бір түрі анықталды. Бұдан бөлек елде инфекцияның қос мутацияланған, «британдық», «бразилиялық» және «оңтүстікафрикалық» штамдары бар. Елдегі антирекорд күн сайын жаңаруда. Кеше дертке шалдыққандар саны 295 мыңнан асып, 2 мыңдай адам қайтыс болды.




Хабарламаларға жазылу