Батыс Қазақстан мен Ресей шекарасында 500 жүк көлігі кептелісте тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан мен Ресей шекарасында 500 жүк көлігі кептелісте тұр

21.04.2021

Ұзын-сонар кезектің басты себебі - Ресейде жүкті тексеру талабы өзгерген. Жаңа ереже бойынша әр көліктің жүгін қолмен түсіріп, қорабын ашып қарайды. Орынбор облысына қарайтын Маштаково өткізу бекетінде кешенді рентген аппараты жоқ. Сондықтан көліктер сағаттап кезекте тұруға мәжбүр.

Ерболат Ғәйнешев, БҚО мемлекеттік кірістер департаменті эксперттік бақылау басқармасының басшысы: 
Әр көлікті қарау көп уақыт алады. Сондықтан кептелістің болуына әкеп соқты осы жағдай. 


Хабарламаларға жазылу