Депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендетуді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендетуді сұрады

21.04.2021

Мүмкіндігі шектеулі жандарды зейнетке ерте шығару керек. Мәжіліс депутаты Ерлан Смаилов Үкіметке осындай сауал жолдады. Қазір мүгедектігі бар жандарға мемлекет тарапынан көп қолдау жасалып жатыр. Дегенмен, жұмысқа қабілетті жандар назардан тыс қалып қойған. Жалпы қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 85 мыңы жұмыс істеп жүр. Денсаулығы нашар адамдардың қартайған шағында жұмыс істеуі өте қиын. Сондықтан мүгедектік тобын, ауру түрін, жұмысын ескере отырып, зейнетке шығу жасын біраз төмендету керек. Және мұндай жаңашылдықты әзірленіп жатқан әлеуметтік кодекске енгізу қажет деді Мәжіліс депутаты.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу