Павлодар облыстық білім басқармасының қызметкерлері қаржы жымқырды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облыстық білім басқармасының қызметкерлері қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

21.04.2021

Павлодар облыстық білім беру басқармасы қызметкерлері мемлекет мүлкін заңсыз иеленді немесе талан-таражға салды деген күдікке ілінді. Қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қарап жатыр. Тергеу құпиялылығына қатысты өкілетті орган басқадай мәлімет бермейді. Ресми емес дерекке қарағанда, індет тараған кезде оқушыларды қашықтан оқыту үшін білім ошақтарына құны 910 млн теңгенің ноутбуктары мен компьютерлері сатып алынған. Сол кезде бюджет қаржысы қолды болған.

Александр Вервекин,    облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
Біз ресми сауал жіберіп жауабын алдық. Шыныменде Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының 189-бабының 4ші тармағы бойынша білім басқармасы қызметкерлеріне қатысты іс қозғалған екен. Тергеу талаптарына сәйкес басқадай мәлімет таратуға болмайды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу