Маусымның соңына дейін 29 нысан жекенің қолына беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маусымның соңына дейін 29 нысан жекенің қолына беріледі

22.04.2021

Елімізде маусымның соңына дейін 29 нысан жекенің қолына берілмек. Сатылымға шығарылғандардың ішінде Ұлттық ғылыми медициналық орталық бар. 5 миллиард 600 миллион теңгеге бағаланған мекеме алдымен 5 жылға жалға беріліп, кейін жекешелендірілмек. Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіпке тиесілі екі кәсіпорын және Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті де инвесторларға берілмек. Әрі Алматыдағы КИМЭП университеті акциасының 40 пайызы, машина құрастыру зауытының жартысы сатылмақ. Бұдан бөлек тізімде Вагон құрастыру зауыты мен Өскемен және Шүлбі су электр станциялары да бар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу