Нұр-Сұлтанда газ қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда газ қымбаттауы мүмкін

22.04.2021

Ал Нұр-Сұлтанда газ қымбаттауы мүмкін. Мұнда көгілдір отынның тарифі қайта қаралмақ. ҚазТрансГаз аймақ компаниясы сот шешімімен бағаны қайта қарап, бекітуге рұқсат алды. Айтуларынша қазіргі тариф елордаға газ тартуға кеткен шығынды жаппайды. Оның құны текше метріне 45 теңге. Бұның өзі еліміздегі ең қымбат баға. Енді ол 55 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Айта кетейік биыл Көктал-1 және Юго-восток аудандарына газ тартылмақ. Сөйтіп көгілдір отынмен 2 мың абонентті қамту көзделген.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу