Түркияда үш күндік коменданттық сағат жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда үш күндік коменданттық сағат жарияланды

23.04.2021

Түркияда коронавирустың кесірінен биыл тәуелсіздік күні тойланбайды. Елде кеше кешкі 7-ден бастап дүйсенбінің таңына дейін 3 күндік коменданттық сағат жарияланды. Сондықтан барлық мерекелік шараларға тыйым салынды. Бұл мерекенің тарихы сонау 1920 жылдың 23 сәуірінен басталады. Дәл сол күні Мұстафа Кемал Ататүрік ел парламентінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде тәуелсіз Түркия республикасының құрылғанын айтып, бұл елдің болашағы оны құру жолында құрбан болғандардың балаларының қолында екенін айтқан. Содан бері елде тәуелсіздік күні мен балалар мейрамы қатар аталып өтеді.

Фахреттин Қожа, Түркияның денсаулық сақтау министрі:
Вирустың мутацияға ұшырауының кесірінен, оның таралу жылдамдығы да артты. Өткен жылғы екінші толқындағыдай емес, биылғы үшінші толқын өте ауыр болып тұр. Сондықтан барлық мерекелік шаралар, жиындар мен басқосуларға тыйым салынады. Отандастарымызды карантин шараларын қатаң сақтауға, және мүмкіндік болып тұрғанда вакцина жасатуға шақырамын. 

Айдос Әшімұлы  

Хабарламаларға жазылу