Алматылық жүргізушілер көлік салығын төлеуге асығар емес. Мемлекеттік кіріс департаменті азаматтардың небәрі 41 пайызы ғана төлем жасағанын хабарлады. Ал 116 мыңнан астам жүргізуші салық бойынша берешек. Олардан қала бюджетіне 7 миллиард 600 миллион теңге түсуі керек. Айта кетейік, көлік салығын төлеу бойынша мерзім 1 сәуірде аяқталған. Қазір төлем кешіктірілген әр күн үшін үстемақы жүріп жатыр дейді мамандар.
Досжан Маратұлы