Талдықорғанға отандық QazCovid-In вакцинасының 4 мың дозасы жеткізілді. Препарат облыстық аурухананың дәрі сақтау қоймасына тапсырылды. Бұл жерден вакцина облыстағы 250-ден астам екпе пунктіне таратылады. Қазақстандық ғалымдар өндірген вакцинаның ресейлік «Спутник V» екпесінен ерекшелігі сақтау температурасында. Егер ресейлік препарат нольден төмен температурада сақталса, отандық вакцинаны +2, +8 градуста сақтауға болады дейді мамандар. Бүгіннен бастап жетісулықтар да отандық екпені қабылдай бастайды.
Арман Жансенгіров, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Бірінші партия 4000 мың вакцина. Негізінде Алматы облысына 1 млн 100 мың вакцина келеді. Қазіргі уақытта 117 мың вакцина келді. Оның ішінде 111 мың енгізілді.
Қазақстанда өндірілген вакцинаның 50 мың дозасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Қарағанды облыстарына жөнелтілді. Ал, еліміздің Шығысына 4 мың вакцина алдағы күндері жеткізілуі тиіс.
Қуаныш Қанатұлы