Президент «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады

26.04.2021

Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады. Ол Президентке отандық брендтің дамуы мен жобалар жайында баяндады. Сондай-ақ отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы және бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі туралы айтылды. Әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу