Елімізде кепілдендірілген ең төменгі зейнетақы мөлшері өсірілмек. 2030 жылға дейін зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы тұжырымдамаға осындай түзету енгізу ұсынылып отыр. Бастама қолдау тапса, базалық зейнетақы 18 мыңнан 24 мыңға өседі. Сондай-ақ зейнетақы мөлшерін есептеу кезде жұмыс өтілі 33 жылдан жоғары болса қойылатын шектеулерді алып тастау да ұсынылған. Айта кетейік, елімізде 2 млн 250 мыңдай зейнеткер бар. Ал орташа зейнетақы көлемі 100 мың теңге.
Досжан Маратұлы