Премьер-министр Асқар Мамин «Ресей темір жолдарының» басқарма төрағасын қабылдады. Кездесу барысында қос ел арасындағы теміржол және логистика саласындағы байланысты нығайту жайы талқыланды. Сондай-ақ тараптар бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсын одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Алып аумақты алып жатқан қос ел шығыс пен батысты жалғайтын ірі транзиттік жол. Мәселен былтыр пандемияға қарамастан Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалданатын контейнерлер көлемі 65 пайызға артқан. Ал Ресей мен біздің ел арасындағы жүк тасымалы 2020 жылы 85 млн тоннадан асты. Контейнерлік тасымалдар көлемі де биылғы бірінші тоқсанда 57 пайызға көбейген.
Шерхан Жамбылұлы