Қарағанды облысына отандық вакцинаның 4 мың дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысына отандық вакцинаның 4 мың дозасы жеткізілді

27.04.2021

Қарағанды облысына 4 мың доза отандық вакцина жеткізілді. Қазір кеншілер қаласындағы №4 емханада осы препарат салынуда. Ол екі компоненттен тұрады. Екіншісін 21 күннен соң алады. Еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институтында даярланған вакцина коронавирусқа мықты иммунитет қалыптастырады. Екпені қаладағы алғашқы 160 адам алып үлгерді.

Олжабай Сүлейменов, қала тұрғыны:
Мен өзім 72-демін. Бізге үйге хабарласып айтқан болатын. Хабарласқан соң алайық деп шешім қабылдадым.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу