Маңғыстауда қаруланған браконьерлердің 2-еуі Ішкі істер қызметкері болып шықты. Олар Маңғыстау ауданының учаскелік инспекторы боп жұмыс істеген. Осы оқиғадан кейін екеуі де жұмыстан қуылды. Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуірде «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында 4 браконьер ұсталған болатын. Табиғат қорғау инспекторлары оларды 2 сағаттай қуып, әрең қолға түсірді. Көліктерінен 3 атыс қаруы мен 1 аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ, оқиға орнында өлі арқар табылды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Әйгерім Ибатуллаева, Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Бұл оқиғадан кейін 2 қызметкер де орнынан босатылды. Браконьерліктің бірде бір фактісі жазасыз қалмайды. Ал қылмыскер қарапайым адам немесе құқық қорғау органының қызметкері болуына қарамастан жазаланады.
Аягөз Оралбайқызы