Шымкентте коронавирустың британдық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық мутацияланған түрлері тарала бастады. Індеттің мұндай түрлері көп жағдайда қайғылы жағдайға әкеп соқтыруда. Өйткені мутантталған вирусты емдеу қиын және күрделі жағдайларға әкеп соқтырады,-дейді мамандар. Жалпы шаһарда өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда коронавируспен ауырғандар саны 4,5 есеге өскен. Сондай-ақ, соңғы кездері инфекция жұқтыру дерегі мекемелер мен ұжымдарда көптеп тіркелуде. Қазір шаһардағы 31 мектепте оқу процесі тоқтатылып, карантинге жабылды. Жыл басынан бері 329 оқушы жұқпалы ауруға шалдыққан. Сондай-ақ 58 медициналық мекемеде инфекция ошағы табылып, науқастанған 86 дәрігер оқшауланды.
Әбдіманап Төлебаев, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:Сонымен қатар Шымкент қаласындағы ауырған науқастар ішінен британиялық, оңтүстік африкалық және бразилиялық өте ауыр ағымда өтетін түрлері анықталып отыр. Бұл тікелей өлім жағдайына әкелетіні мәлім.
Ғани Қалмаханов