Елімізде коронавирустың таралуы бәсеңсіп келеді. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны да едәуір төмендеген. Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Мамин «бизнестің жандауына мүмкіндік беретін «Ашық» бағдарламасын кеңінен қолдануды» тапсырды. Әрі тұрғындардың вакциналауды жеделдетуді ерекше атап өтті.
Наурыз айының соңында індетке шалдыққандар саны күн сайын 46 пайыз өсім көрсетсе, өткен аптада 8 пайызға дейін төмендеген. Өлім-жітімде айтарлықтай азайды. Министрдің мәліметіне сай, ауруға шалдыққандар көрсеткіші бойынша 221 елдің ішінде Қазақстан 108-ші орында тұр.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Қазақстанда екі вакцина салынып жатыр. Олар «Спутник V» және QazVac. Еліміз әлемдегі вакцина өндіруші 10 мемлекеттің қатарына кірді. Әлемдік рейтинге сәйкес, 177 ел арасында Қазақстан вакцина салдырғандар көрсеткіші бойынша 52-орында. Вакцинаны жеткізу кезең-кезеңмен жүзеге асады, кестеге сәйкес, сәуірде халықтың 20 пайызына жеткізу қарастырылған. Вакцина салдыру елдегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіруге ықпалын тигізе береді.
«Ашық» цирфлық бақылау жүйесі бизнестің локдауннан шығуына жол ашады. Қосымшаны 378 мың адам жүктеген. Осы бағдарламаға енді қоғамдық тамақтану орындары, балалар лагері және университеттер де қосылмақ.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
Кешегі күннен Үкіметтің шешіме бойынша, барлық аймақтарға таратылды. Біздің есеп бойынша, бір аптаның ішінде 5 мыңға жуық кәсіпкер қатысуға өтініш беріп отыр. Алматы, Нұр-сұлтан, Ақтөбе, Тараз қалаларында жақсы дамып келе жатыр.
Барлық әкімдерден халықты жаппай вакциналау бағытындағы ақпаратық-түсіндіру жұмыстарын жеке бақылауға алуы тиіс. Сонымен қоса, әкімдер кәсіпкерлік субъектілеріне «Ashyq» жобасын енгізу бойынша жұмысты жеке қадағалауда ұстауы керек.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Қазіргі таңда, эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақталды. Вирустың репродуктивтілік индексі 1-ге төмендеді. Ауруханалардағы орындар – 41 пайызға, реанимациялық бөлімдердегі орындардың жүктелуі – 28 пайызға дейін азайды. Сондықтан, бүгінгі ең маңызды міндет азаматтарымызды коронавирусқа қарсы вакцинациямен жаппай қамту болып табылады.
Маска тағу, қашықтықты сақтау талаптары қатаң сақталуы керек. Үкімет басшысы осы талаптар сақталып, вакцина алу жеделдесе қалыпты өмір қалпына келетін күннің жақындай түсерін еске салды.
Ғабит Бөкенбай