Қордай қақтығысына қатысқандарға сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордай қақтығысына қатысқандарға сот үкімі шықты

27.04.2021

Бүгін Қордай қақтығысына қатысқандарға сот үкімі шықты. Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен айыпталған 51 адамның 50-і кінәлі деп танылды. Ал бір адам кінәсі дәлелденбей ақталып шықты. Сотталғандарға «Адам өлтіру», «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша 5 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді. 20 жылдық ең ауыр жаза 60 жастағы Батабасовқа берілді. Ол қақтығыс кезінде бір топ адамға оқ атқан. Салдарынан үш адам қаза тауып, 4 адам зардап шеккен. Айта кету керек, былтыр желтоқсан айында басталған сот процесі 5 айға созылды.

Берік Құлтасов, Жамбыл облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы:
19 адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан алайда кінәсін мойындап жасаған ісіне өкінгені және залалды өтеуге шаралар қабылдағаны үшін 31 адамға шартты түрде немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. 


Хабарламаларға жазылу