Қарағандыда 1-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 1-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

30.01.2019

Абырой болғанда, омбы қарға түсіп, аман қалды. Сабақ аяқталысымен мұғалім оқушыларды түгел дәлізге шығарған. Сол сәтте қаламсалғышын қалдырып кеткен Азиза оқу бөлмесіне қайтып кірген. Содан соң қайта шығайын десе, есікті аша алмаған. «Қорыққанынан терезеге барып, секіріп кеткен», - дейді ұстаздар. Қазір оқушы облыстық балалар ауруханасында. Дәрігерлер қыздың ауыр жарақат алмағанын айтады. Полицейлер болған оқиғаны тексеруде.

Жанат Елубаев, облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:

- Біздің алдымызда жедел жәрдем көмегімен облыстық медициналық орталыққа апарылған. Ол жерде нейрохирург және травмотолог дәрігерлер қарап, нейрохирургиялық ақаулар, сынықтар жоққа шығарылып, бізге ауыстырылды. Іш қуысының жабық-тұйық жарақаттары жоққа шығарылып, палатаға ауыстырылды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу