Өскеменнің іргесінде Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ шөп жанды. Төтенше жағдайлар басқармасы дала өртін сөндіру үшін пойыз қолданды. Әйтпегенде қатты жел салдарынан өрт одан сайын өршіп, аз уақытта 30 гектар аумаққа жайылып үлгерген. Тіпті өрт сөндірушілер де оқиға орнына қайықпен жеткізілді.
Берік Көшербай