Әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдігі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдігі жасалады

28.04.2021

Әлеуметтік кәсіпкерлерге салық жеңілдігі жасалады. Мәжіліс әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қатысты заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, бизнес өкілдеріне мүлік салығы базасына 0,5 пайызбен есептеледі. Бұдан былай әлеуметтік кәсіпорындардың тізімі құрылады. Жұмысшыларының 50%-і әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар, зейнет жасындағылар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адам болса, бұл кәсіпорын әлеуметтік тізімге кіреді. Депутаттардың айтуынша, қазір 100-ге жуық әлеуметтік бизнесменге салық жеңілдігі жасалған.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу