БҚО-да 8 сынамадан британиялық штамм анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 8 сынамадан британиялық штамм анықталды

29.04.2021

Батыс Қазақстанда зертханаға жөнелтілген 8 сынамадан британдық штамм анықталды. Коронавирустың мутацияланған түрі болуы мүмкін деген болжаммен наурызда 20 сынама Алматы облысына жіберілген еді. Ұлттық сараптама орталығының зерттеуі нәтижесінде болжам расталды. Десек де, қазір өңірде өткен аптаға қарағанда індет жұқтыру көрсеткіші 7,2 пайызға төмендеген.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Коронавируспен ауырған науқастардан 20 сынама республикалық сараптама  орталығына жолданған болатын. Соның 8 сынамасында зерттеу нәтижесінде, жалпы соңғы қорытынды бойынша британдық штамм анықталды. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу