Проблемалық несие тарихын сақтау 5 жылға қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Проблемалық несие тарихын сақтау 5 жылға қысқарады

29.04.2021

Банкке кредит төлеуді кешіктірген азаматтар енді «проблемалық несие тізімінен» 10 жыл емес 5 жылдан соң шығарылады. Банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуга қатысты заңға өзгеріс енгізіліп, несие тарихын сақтау мерзімі қысқарды. Сонымен 5 жыл бұрын кредит төлеуді кешіктірген 489 мың адамға енді қайтадан несие алуға мүмкіндік берілді. Қазақстанда жалпы 1,5 млн адамның несие тарихы бұзылған. Қазір екі кредиттік бюрода елде 6 млн 700 мың азаматтың кредит алғаны туралы ақпарат бар. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу